Новости Казахстана19 апреля 2023, 22:34

Алматы дәрігерлері мектеп оқушысының екіге бөлінген саусағын жалғап берді

Алматыда №2 балалар клиникалық ауруханасында алғаш саусақты реплантациялау бойынша күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Аурухананың баспасөз қызметімен байланысқан Қазақпарат мегаполисте алғаш рет қол саусағын реплантациялау бойынша күрделі ота жасалғанын мәлімдеді. Үшінші сыныпта оқитын оқушының алған жарақаттан саусағы бөлініп қалған. Дәрігерлер толықтай бөлініп қалған 5-ші саусақты қайта жалғап берді. 

Шұғыл операцияны травматология бөлімінің меңгерушісі Садырбалин Ерлан, микрохирургтер Косарев Сергей және Смолянкин Александр бірге жасады. Саусақты құтқару мүмкіндігі өте аз болды. Екі профильді маманның бір уақытта қатысуы, олардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында үзілген саусақты қалпына келтіру бойынша ең күрделі операция сәтті өтті. Мұндай операцияны Қазақстанда санаулы мамандар ғана жасай алады. Біздің дәрігерлердің бірегей тәжірибесі мен біліктілігі бар», - деп атап өтті аурухананың баспасөз қызметі.

Ота 5 сағатқа созылып, дәрігерлер саусақты сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Жалғанған саусақта сүйектен басқа сіңірлер, тамырлар және қан айналымы қалпына келтірілді.

Мұндай операцияны жасау үшін заманауи микрохирургиялық техника қажет: микроскоп, микрохирургиялық құралдар және өте жұқа тігіс материалы қажет, оны жай көзбен көру қиын, мұның бәрі бізде 2-ші балалар ауруханасында бар. Бізге диаметрі 1,2 миллиметр болатын тамырларды тігуге тура келді. Мұндай операцияны тиісті дайындықсыз, жабдықсыз, құралсыз және шығын материалдарынсыз жүргізу мүмкін емес», - деді №2 БҚКА травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин.

Кәсіби реплантация ықтимал тәуекелдерді болдырмауға, қолдың зақымдалған бөлігінің қозғалғыштығын, сезімталдығын қалпына келтіруге мүмкіндік берген. Жалғанған саусақ толығымен тамыр алып, қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

 

Алматы Ота Саусақ Оқушы

Новости по теме