Placeholder
Фото: sports.kz
Новости Казахстана4 июля 2023, 13:30

Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз бірінші айналымда әлемдік рейтингте 54-орында тұрған америкалық Маккензи Макдональдпен кездесіті. 

Бірінші партияда тай-брейкте америкалық спортшы сәтті ойнап, 7:6 (7:3) есебімен алға шықты.  Екінші сетте есеп 4:4 болған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз геймін алып, 6:4 есебімен басымдық танытты. 

Үшінші сетте қазақстандық теннисші доп берген кезде қателікке бой алдырып, қарсыласының брейк жасауына жол беріп қойды – 0:2. Дегенмен таразы басын теңестіріп, есепті 4:4-ке жеткізді. Содан кейін тағы бір брейк жасап, партияны 6:4 нәтижесімен аяқтады. 

Төртінші сетте брейк жасаған Александр Бублик 3:1 есебімен бірден басымдық танытты. Ақыры матчты жеңіспен аяқталып, бұл жолы да 6:4 есебі тіркелді. 

Тартысты матч 2 сағат 49 минутқа созылды.  Бұл жолы отандасымыз Бублик 24 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана алды.  Енлі ол турнирдің екінші айналымда тағы бір АҚШ теннисшісі, әлемнің 48-ракеткасы Джеффри Джон Волфпен өзара мықтыны анықтайды. 

Александр Бублик Теннис Уимблдон

Новости по теме