Placeholder
Новости Казахстана26 июня 2023, 17:20

Александр Бублик әлемнің 26-ракеткасы атанды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміздің теннис федерациясы Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанған Александр Бублик 48-ден 26-орынға көтерілгенін мәлімдеді. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып отыр. 

Сондай-ақ, отандық ракеткалар Тимофей Скатов - 138, Бейбіт Жұқаев - 239, Михаил Кукушкин - 259, Денис Евсеев - 320, Дмитрий Попко 343-сатыға жайғасқан. 

Жұптық сында Александр Недовесов 53-тен 51-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 86-орында тұр. 

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 50-ден 51-ге сырғыды. Аружан Сағындықова 1064-тен 1022-ге шығып, мыңдыққа жақындады. Сондай-ақ, жұптық сында Анна Данилина - 24, Жібек Құламбаева 197-орында тұр.

Александр Бублик Елена Рыбакина спорт

Новости по теме