Placeholder
Новости Казахстана21 апреля 2023, 21:18

"Айтысты құртқан - дін". Белгілі ақын Қуаныш Мақсұтов ақындардың дінге кіріп кеткеніне қынжылды

Белгілі айтыс ақыны Қуаныш Мақсұтов ұлттық өнердің сапасына қатысты пікір білдіріп, оған діннің әсер еткенін атады,деп хабарлайды Arbat.media.

"Сары тентек" атымен қазақ айтысында кең танылған қарағандылық Қуаныш Мақсұтов ұлттық өнердің түбіне діннің жеткенін атады. 

Айтыс құртқан дін. Кезінде айтыс арқылы ақша табу керек болды. Сол кезде діндарлар көп ақшаны әкелді және олар жақсы я жаман болсын, бұрын президент Н.Назарбаевқа ықпалы болды. Сол жақтан көп ақша келуі үшін діндарларды алып келгені рас. Ақынның тоқсан пайызының намаз оқып кеткені рас. Біз айтысты солай құрттық", деді Қуаныш Мақсұтов. 

Өнер иесі жершілдік те айтыстың түбіне жетуіне үлес қосқанын жеткізді. 

Ақындарды жершілдікке бөліп алдық. Мысалы, Махамбетті неге Шығыс Қазақстан тойламайды? Құрманғазыны неге Қарағанды облысы тойламайды? Неге Тәттімбетті Маңғыстау мен Атырау облысы атап өтпейді? Қазір қарап отырсаң әрбір діни ағым өзінің айтысын жасап жатыр. Әрбір облыс өзінікін ғана мақтап жатыр. "Жамбыл менің жай атым, Халық менің өз атым" деп Таразда айтыс өткізді. Жамбыл туралы жақсы айтысты неге Қостанай облысында өткізбейді? Темірбек Жүргенов қазақ халқының тұлғасы деп тойлауымыз керек қой...", деді айтыс ақыны. 

Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын айтыс ақындары жаппай қажылыққа барып, оларға еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды демеушілік жасаған болатын. Ақындар дінге бет бұрғаннан кейін айтыстың мазмұны діни сипатқа қарай ауысқан. Тіпті кейбір ақында халық киелі деп санайды Түркістанды шіркістанға теңесе, енді бірі ұлттық дәстүр ретінде келіннің сәлем салуын жат қылық деп бағалаған болатын. 


Arbat.media.

 

Қуаныш Мақсұтов Айтыс Дін Қоғам

Новости по теме