Placeholder
Новости Казахстана2 февраля 2023, 23:33

Айгүл Иманбаева 45 жасында Лондон университетінің студенті атанды

Белгілі отандық  актриса Айгүл Иманбаева халықаралық "Болашақ" стипендиясына қалай ие болғанын айтып  берді, деп хабарлайды Arbat.media

45 жастағы актриса үнемі әлеуметтік желідегі өз оқырмандарының назарында жүреді. Енді Айгүл Иманбаева студент атанып отыр. Алдағы уақытта ол  тұман Альбионда білімін жетілдірмек. 

Достар, қуанышты хабарым бар!  Мен Лондон университетіне оқуға түстім, яғни Ұлыбританияда "Болашақ"бағдарламасы бойынша оқимын. Бүгін мен бұл жаңалықты "Өмір көркем" бағдарламасында бөлістім. Маған жақсылық тілегендердің барлық армандары орындалсын, - деді Айгүл әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Актриса театрдағы рөлімен қатар эстрадалық әндердің орындаушысы ретінде де танымал. Сонымен бірге республикалық арналарда бағдарлама жүргізушісі болған. Қазақ көрермені оны бір кездері "Хабар" арнасында көрсетілген "Ұят болмасын" бағдарламасы арқылы жақсы таниды. ды. Кейін көптеген киноларға түсіп, көрермен көзайымына айналған.

Таяуда ғана ол қазақстандық кинофильмде жас актермен сүйісіп, көпшілікті таң қалдырған болатын. 

 

 

Айгүл Иманбаева Актриса Студент Білім

Новости по теме