Новости Казахстана12 июня 2023, 16:41

Абай облысындағы өртке 2 мың тонна су төгілді

Абай облысындағы орман өрттерін сөндіру үшін 2 мың тоннадан астам су төгілді, деп хабарлайды Arbat.media.

ТЖМ-нің мәліметінше қазір минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары қолжетімділігі қиын болуына байланысты тоқтатылған. Ал өрттн өзге де елдімекендерге төніп тұрған қауіп жоқ екені айтылды. 

Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 777 рет жалпы көлемі 2000 астам тонна су төгілді.
Талица ауылына қарай тараған өрт дала аумағына шығып, сөндірілді, - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. 

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнынан өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіру жұмыстарын апат аймағында қадағалап отыр. 

Абай облысы Өрт Қоғам

Новости по теме