Новости Казахстана15 июня 2023, 22:59

Абай облысындағы орман өртіне 7,5 мың тоннаға жуық су шашылды

Абай облысындағы орман өрті басталғалы бері  2 525 рет көлемі 7423 тонна су шашылған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазіргі уақытта өрттен елді мекендерге төнген қауіп жойылып, өрт учаскелерінде ашық жану жоқ екені айтылды. 

Табиғи өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары, ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері және әуе кемелері қамтамасыз етеді. 

Бүгін таңертеңнен бері тікұшақтар 89 рет көлемі 249 тонна су төккен.  ТЖМ басшысы өрт сөндіруге қатысушыларды өртті сөндіруде көрсеткен ержүректілік пен батырлық,  жоғары кәсібилік үшін алғыс білдіріп отыр. 

14 маусымда кешкі сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша  Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің  оқшауланғаны белгілі болды. 

Орман өрті Абай облысы Қоғам

Новости по теме