Placeholder
Новости Казахстана26 июня 2023, 5:50

Абай облысында Мақаншы ауданы қайта құрылады

Абай облысында шекара маңында жаңа аудан құрылатын болды. Бірнеше жыл бұрын таратылған Мақаншы ауданы енді қайтадан іргесін көтеріп, дербес аудан ретінде ашылмақ, деп хабарлайды Arbat.media "Хабар-24-ке" сілтеме жасап. 

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда айтылған бастамалар енді Абай облысында белсенді түрде жалғасып жатыр. Президент қойған міндеттердің қатарында ұлтты нығайту және жастар арасында еңбек құндылықтарын дамыту жөніндегі кешенді жоспарлар бар. 

Біз атқарылуы тиіс бағытты анық көре бастадық. Қандай салалардың әлсіз және тиімді бағыттары бары анықталды. Мәселен, ономастика бойынша жұмыстарды ретке келтіру қажет, Президент айтқандай, өңірлік ерекшелікті ғана емес, жалпыұлттық басымдықтарды да ескеру қажет, - деді облыстық мәслихат депутаты Шағангүл Жаңаева.

Енді Абай облысында тағы бір жаңа аудан құрылғалы отыр. Мақаншы Қазақстан мен Қытай шекарасындағы елдімекен. Аталған аумақ 90-жылдардың аяғында аудан орталығы мәртебесінен айырылып, таратылған болатын. Енді ол Ұлттық құрылтайда Президент айтқан тапсырма бойынша қайтадан құрылып, дамитын болады. 

Мақаншы ауданы Қоғам Абай облысы

Новости по теме