Placeholder
Новости Казахстана23 мая 2023, 13:21

Абай облысында бір жуық уақыт ішінде мың гектардан астам алқап отқа оранды

Абай облысында бір күнге жуық уақыт бойы ірі орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

23 мамыр күні таңертең Абай облысында орман өртінің ауданы 1100 гектарға дейін ұлғайды. Өңір әкімінің хабарлауынша, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда барлық қызмет қауіпті ауданнан адамдарды шұғыл көшіруге дайын.

Өртті жоюға Абай облысының ТЖД жеке құрамынан 68 адам және 20 бірлік техника, ШҚО ТЖД жеке құрамынан 30 адам және 7 бірлік техника, орман шаруашылығынан – 147 адам және 56 бірлік техника, облыстың жергілікті атқарушы органдарынан – 4 адам және су таситын 4 КамАЗ жұмылдырылды.

22 мамырда «101» пультіне Бородулиха ауданындағы ауыл станциясынан 7 км қашықтықта құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен еді. Өрт Ресейдің Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькая ауылының маңында басталған.

 

Абай облысы Қоғам Төтенше жағдай

Новости по теме