Placeholder
Новости Казахстана8 июня 2023, 19:30

Абай облысында 13 жастағы бала пышақ жарақатынан қайтыс болды

Абай облысында 13 жасар жасөспірім пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, 6 маусымда 13 жасар жасөспірім облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ол су қоймасының маңында болған төбелес кезінде жарақат алған көрінеді. 

Балалар арасындағы жанжал төбелеске ұласқан. Төбелескендер анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-ның 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды, - деді Абай облыстық ПД-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша заңды процестік шешім қабылданбақ.

Сондай-ақ, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексерудің деректері әзір жария етілмейді. 

Абай облысы Төбелес өлім

Новости по теме