Новости Казахстана16 января 2023, 15:51

72 жастағы ұлытаулық қарт әлемді жаяу аралауды көздеп отыр

2022 жылы еліміздің барлық өңірін алты айда жаяу аралап шыққан ұлытаулық Сәрсенбай Қотырашев енді әлемге саяхат жасамақ. 72 жастағы ақсақал бұл сапарға да жаяу шығуды көздеп отыр, деп хабарлайды arbat.media.

Өткен жылы Ұлытау ауданынынан шығын Қазақстандық арбамен айналып шыққан қарт Ақтау қаласымен сапарын тәмамдаған болатын. Енді жаңа жоспары туралы Сәрсенбай Қотырашев әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы өз өмірімде жаңа қадам бастап, жаяу жүріп өттім. Жүрген жерімде мені таң қалдырған, қуантқан және көптен бастан кешірмеген ерекше эмоцияларға көз жеткіздім. Бірінші экспедициям сәтті аяқталды. Бұл сапарымда жоспарлаған мерзімнен бұрын көздеген межеге жеткен сәтті жетістік болды.
Мен 72 жыл ішінде алғаш рет туған еліміһдің көптеген көрікті жерлерін аралаппын. Ендігі кезекте, мен оның шеңберінен шығып, жер шарын айналып шығуды жөн көрдім. Өйткені бір жолдың соңы - қашан да жаңа жолдың басы, - деп жазды ол.

Сәрсенбай Қотырашев 2022 жылдың 31 наурызында жаяу сапарға шыққанда оның 8 мың шақырымға жуық жолды жүріп өтетініне көпшілік күмән келтірген еді. Ол Ұлытау ауданынан Жезқазған арқылы Қызылорда облысына бет алған. Кейін оңтүстік облыстар арқылы шығыс өңірге бет алды. Кейін солтүстікті кезіп, жүрген жолында кездесулер өткізген болатын. 

Сәрсенбай Қотырашев Саяхат Әлем Ұлытау облысы

Новости по теме