Новости Казахстана5 июля 2023, 19:55

620 млн теңге жымқырған «Almaty Kuat» ЖШС директоры сотталды

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Almaty Kuat» ЖШС директорына қатысты алаяқтық және аса ірі көлемде қаржыны заңдастыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеу барысында ЖШС директоры Алматы қаласының индустриалды аймағына қатысушы 10-нан астам шаруашылық жүргізуші субъектілерімен электр энергиясын жеткізу шартын жасасқан. Осылайша электр энергиясын тұтынушыларды, сондай-ақ өндіруші және жеткізуші ұйымдарды алаяқтық жолмен электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем шоттарын жазып, екі жыл бойы кәсіпкерлер электр энергиясы үшін негізсіз ақы төлеп келгені анықталып отыр. 

Соның негізінде күдікті жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам шығын келтіргені белгілі болды. Одан әрі жедел-іздестіру шаралары барысында жоғарыда аталған ЖШС директорының мәмілелер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды заңды айналымға түсіргені дәлелденді. Сот қаулысымен жалпы сомасы 134 млн теңгеден астам жер телімдері мен құрал-жабдықтарға қамауға алынды, - деп жазылған департамент таратқан мәліметте. 

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Almaty Kuat» ЖШС ҚМА Сотталу

Новости по теме