Placeholder
Новости Казахстана12 декабря 2022, 21:58

30 жыл әкім болсам да әлі шаршамадым - Даниял Ахметов

Жақында Шығыс Қазақстан облысына әкім болып қайта тағайындалған Даниал Ахметов Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін тілшілерге жауап берді, деп хабарлайды arbat.media.

Астанана Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жауапты жиыннан соң Даниял Ахметов 30 жылға жуық уақытқа созылған түрлі басшылық қызметте жүргеніне қарамастан әлі де шаршамағанын айтты. Ол биыл 69 жасқа аяқ басып отыр.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанды 8 жылдан бері басқарып келе жатқан Даниял Ахметов әлі де тың екенін жеткізді.

«Мен неге шаршауым керек?! Сіз өмірден шаршадыңыз ба? Әрине, жоқ! Мен де әкім болудан әлі шаршамадым», - деді ШҚО әкімі.

Даниял Ахметов Қазақстадағы облыс әкімдері арасында өңірлерді басқару бойынша көш бастап тұр. Ол тоқсаныншы жылдар басынан бері Павлодар облысын екі рет басқарса, Солтүстік Қазақстан облысын бір рет басшылық етті. 2014 жылдың соңынан таман ол Шығыс Қазақстан облысына әкім болып тағайындалған. Сонымен бірге Ахметов вице-премьер, Премьер-министр, Қорғаныс министрі секілді ірі лауазымдарды да атқарды.

Даниял Ахметов Әкім ШҚО Қазақстан

Новости по теме