Новости Казахстана13 апреля 2023, 15:49

2GIS енді қазақ тілінде де болады

Енді 2GIS-те дүкендерді, қоғамдық тамақтану орындарын, дәріханаларды, мәдениет мекемелерін, көрікті жерлерді және басқа да орындарды қазақ тілінде де іздеп табуға болады, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент және еліміздің тағы 41 қаласы мен 1245 елді мекенінің анықтамалық деректері мен карталары аударылды. Олар тестілеу режимінде іске қосылады.

Жұмыс басында анықтамалық құрылымын аударуға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мамандары көмектесті, кейін деректерді егжей-тегжейлі пысықтауға біз компаниядан тыс басқа кәсіби аудармашыларды қостық, - дейді 2GIS-тің Анықтамалық-картографиялық өндіріс жөніндегі директоры Елена Толкачева.

Елена Толкачеваның ойынша қазіргі таңда маңызды қадам жасалды.

Еліміздің ірі қалалары мен агломерацияларының анықтамалығы мен карталары аударылды. Енді біз жаңартылған сервисті ашық тестілеуге кірісеміз. Біз пайдаланушылардың кері байланысын қуана қабылдайтын боламыз. Оны қате туралы хабарлар арқылы қосымшаның өзінде немесе 2gis.kz сайтында қалдыруға болады. Мұндай хабарлар қазақ тілінде іздеу мен сервистің басқа да функцияларының жұмысын жетілдіріп, болашақта аударманы толықтыруға көмектесетін болады, - деді ол.

2GIS қазақ тілі Астана Алматы

Новости по теме