Placeholder
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Қазақстан жаңалықтары11 наурыз 2024, 11:00

Жетісу өңірінде Көкөзек каналының суы көтерілді

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Қопар ауылы маңындағы Көкөзек каналында су деңгейінің көтерілгені туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға орнына дереу 5 қызметкер мен 1 техника барды.

Тексеріс барысында екі жердегі арна суының асып кеткені анықталды. Алайда аула аумақтарын су басқан жоқ.

Қазіргі кезде жағдай толықтай бақылауға алынды.

Жетісу облысы Көкөзек Тасқын

Тақырыпқа жаңалықтар