Placeholder
Фото: БҚО ТЖД
Қазақстан жаңалықтары21 ақпан 2024, 9:00

Жеті облыста ауа райына байланысты 19 жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар 19 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Абай облысы – жалпы ұзындығы 2176 км 7 автожол (ауа райының төмендеуі) 1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)

Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске. жалпы ұзындығы 1238 км (ауа райының төмендеуі)1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 58 км (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) 1. «Алматы-Өскемен» - Үшарал қ.-Абай обл. шек. (қоғамдық және жүк көліктері үшін)

Қарағанды облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 103км1. (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» - Қарқаралы қ. - Абай обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)Қостанай облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) 1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек. - Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)

Павлодар облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы 160 км (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) 1. «Омск-Майқапшагай» - Кежекөл к.- Абай обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)

Ұлытау облысында – 1 учаске жалпы ұзындығы 115 км (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі, аяз күшеюде) 1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к. - Қостанай обл. шек (барлық көлік түрлері үшін)

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 281 техника және 468 жолшы жұмылдырылды

Ауа райы 19 жол жабылды қазавтожол

Тақырыпқа жаңалықтар