Placeholder
Фото: Pexels
Қазақстан жаңалықтары23 қаңтар 2024, 12:15

Жер сілкінісі кезінде жанармай құю стансасына жоламаған жөн

Төтенше жағдай кезінде жанармай құю стансасына бару қауіпті. Бұл туралы брифинг барысында Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев айтты, - деп хабарлайды Arbat.media

Мамандар жер сілкінісі кезінде жанармай құю стансасына бармаған жөн деп есептейді.

Өйткені, жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар — жарылыстар, өрттер болуы мүмкін.

«Қандай да бір себеппен біздің азаматтар ресми дереккөзден алынған мәліметтерге сенбейді. Ең алдымен ресми ұйымдарға — ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органның мәліметіне сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз — журналистермен бірлесіп азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін енгізу қажет», — дейді Дәулет Сәрсенбаев.

сейсмолог Кеңес пайдалы кеңес АЗС

Тақырыпқа жаңалықтар