Placeholder
Фото: видеодан скрин - ПАТРИОТ телеграм арнасы
Қазақстан жаңалықтары30 қаңтар 2024, 14:12

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға іздеу жарияланды

Қарағанды қаласы Майқұдық ауданында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Видеоға құзырлы органдар да назар аударып, істі ерекше бақылауға алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ауыр соққылардан соң жедел жәрдем жүргізушісінің бас миы шайқалып, мұрын сүйектері сынған, кеуде қуысы мен беттің жұмсақ тіндерін ауыртып алған. Жәбірленуші қазір ауруханада ем алып жатыр. Ал күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, 2-санаттағы іздеу жарияланды. 

Қарағанды ​​Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері 1987 жылы туған Нұрболат Дәкебаевтың жүрген жері туралы мәлімет білетіндерді 102 немесе 8 (7212) 40 79 19 телефондарына хабарласуын сұрайды.

Жергілікті полиция қызметкерлері іздеу аясында оның суреттерін адам көп жүретін орындар мен бағана, сауда орындарына іліп қойған.

 

 

Қарағанды жедел жәрдем Іздеу Төбелес

Тақырыпқа жаңалықтар