Placeholder
Фото: Kazinform
Қазақстан жаңалықтары29 қаңтар 2024, 14:25

Жедел жәрдем жеткенше әйел босанып қалған

Екібастұзда ер адам жедел жәрдем келіп жеткенше әйелін өзі босандырып алған. Жедел жәрдем қызметі телефон арқылы күйеуіне ақыл-кеңесін беріп тұрған. Қазір сәби мен ананың жағдайы қалыпты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Медициналық бригада толғатып жатқан әйелге жеткенше, күйеуі 103 диспетчерінің барлық нұслаулығын орнымен орындап, келіншегін босандырып алған. Әйел адам жүктіліктің 41-ші аптасында болған екен. Оқиға 28 қаңтарға қарағанда түнде болыпты.

— 103 пультіне жүкті әйелдің аяқ астынан толғағы басталғаны туралы хабарлама түсті. Біздің бригада жеделділіктің бірінші санаты бойынша шұғыл жіберілді. Олар көрсетілген мекенжайға 9 минутта жетті. Дейтұрғанмен осы уақыт ішінде жедел жәрдем диспетчері келіншектің жұбайына босандырудың барлық тәсілдерін телефон арқылы түсіндіріп отырған. Ер адам еш асып-саспастан оның нұсқауларын орындап, әйелін аман-есен босандырып алды. Қазір дүниеге келген ер бала мен оның анасының денсаулығы қалыпты. Олар перзентханаға жатқызылды,-деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем қызметі стансасынан.

Былтыр павлодарлық жедел жәрдем қызметкерлері 22 әйелді үйде босандырған. Ал биылғы жыл басынан үйде толғатып жатқан 6 әйелге шақырту түскен. Көп жағдайда «қоңырауды ұстап тұру» әдісі, яғни 103 диспетчерінің ақыл-кеңесі пайдаланылған.

Облыстық жедел жәрдем стансасы басшысының орынбасары Ольга Вербоваяның айтуынша, босандыру шараларын 103 қызметінің кез келген қызметкері жүзеге асыра алады. Былтыр неонатология бойынша 100 қызметкер біліктілігін арттырған.

Екібастұз босану оқиға жедел жәрдем

Тақырыпқа жаңалықтар