Placeholder
Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Қазақстан жаңалықтары30 қаңтар 2024, 13:00

Жастарға арналған баспана

Астанада «Елорда жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Жеңілдетілген несие 35 жасқа дейінгі мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет, спорт, әлеуметтік және коммуналдық қызметкерлерге беріледі. Ол үшін жастар құжаттарын биыл 1-6 ақпан аралығында өткізуге тиіс, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ілкімді істің талап-ережесі қандай деп жазады Egemen.kz.

Бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы немесе қайталама нарықта пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Өті­німдерді қабылдау электронды түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Алайда банк небәрі 80 несие ғана береді. Шарт бойынша қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңге. Бастапқы жарна – 10, қарыз бо­йынша мөлшерлеме – жылдық 5 пайыз. Ал несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін.

«Қатысушы Астана қаласында кем дегенде кейінгі бір жыл ішінде тұрақты тіркеуде болуы қажет. Әрі өтініш беру сәтіндегі қа­тысушының таңдалған сала­да­ғы ресми жұмыс өтілі кейінгі бір жылдан кем болмауға тиіс. «Отбасы банкінде» сатып алатын баспана құнының 10 пайы­зы, яғни 1 млн 800 мың теңге ал­ғашқы жарнасы бар депозиті болуы керек. Өз атында баспанасы барлар бағдарламаға қатыса ал­майды. Яғни бағдарламаға қа­ты­сушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан аума­ғы бойынша кейінгі 5 (бес) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығымен тұрғын үй­дің (ерлі-зайыптылардың ор­тақ бірлескен меншігі, өті­ніш­ке енгізілетін отбасының бас­қа мүшелерімен бірлесіп ортақ үлестік меншік) болмауы маңызды. Отбасының әрбір мүше­сіне кейінгі 6 ай үшін еңбек не­месе кәсіпкерлік қызметтен (зей­нетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де мін­детті аударымдарды есепке ал­мағанда) ең төменгі күнкөріс дең­гейінің 6 еселенген шамасына де­йінгі кірісінің болуы (260 442 теңге) да ескеріледі», деді Астана қаласы әкімдігі баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Қатысушыларды іріктеу ең жо­ға­ры балдан ең төмен балға есеп­теуді пайдалана отырып жүр­гізілмекші. Мәселен, таңдал­ған саладағы жұмыс өтілінің толық 1 жылы – 5 балл, толық емес жылы – 3 балл. Ескере кететіні, өтініш берушіде немесе жол­дасы немесе жұбайында I, II, III топтағы немесе балаларда мүгедектіктің болуы­на 10 балл қосылады. 

«Елорда жастары» бағдарлама өтінім

Тақырыпқа жаңалықтар