Placeholder
Фото: Видеоскрин
Қазақстан жаңалықтары1 ақпан 2024, 15:00

Жас өнертапқыш жасанды интеллектіні алғаш рет қазақ тілінде сөйлетті

Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының жас тұрғыны, 11-сыныпта оқитын Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні алғаш болып қазақша сөйлеттті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, өнертапқыштың ойлап тапқан QazaqGPT бағдарламасын осы күнге дейін 2000-нан астам адам қолданып үлгерген. Жас ғалымның аталған жобасына америкалық ғалымдар қызығушылық білдіріп, оны бірлесе жұмыс жасауға шақырып отыр. Асылжан ЖИ-ді қазақ тіліне қолайлы ету үшін, бағдарламаға 300 000 астам ана тіліміздегі сөз бен 227 млрд-қа жуық ақпарат енгізген. Бұл – іргелі де, ірі жетістік. Мектепті енді тәмамдағалы отырған жас өнертапқышқа еліміздегі ең ірі 3 ЖОО білім грантын ұсынған.

Асылжан Абдуллаевтың мақсаты – қазақша ЖИ жобасын одан әрі жетілдіріп, смартфон бағдарламасына енгізу екендігін, ведомство жас талантты ғалымдарды қашанда қолдауға әзір екендігін жеткізген министр:

«Мемлекет басшысы «Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек», деген еді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында осындай игілікті дүниелердің ашылып жатқандығы шын мәнінде біз үшін зор жетістік һәм үлкен мақтаныш», деді.

Асылжан Абдуллаев ЖИ Сырдария Жас өнертапқыш

Тақырыпқа жаңалықтар