Placeholder
Фото: facebook.com/Асхат Қасенғали
Қазақстан жаңалықтары23 қаңтар 2024, 1:10

Халық үрейленіп аулаға шығып кетті - Алматыда 4 балдық жер сілкінісі сезілді

Алматыда жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады. 

Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.

Алматы тұрығындары үрейленіп, үйінен көшеге, далаға шығып жатыр.

Алматы Жер сілкінісі

Тақырыпқа жаңалықтар