Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары2 ақпан 2024, 16:00

«Вандализм жиілеп кетті»: Креативті индустрия өкілдерін тарту ұсынылды

Былтыр 5 мыңнан астам тұрғынның абаттандыру ережесін бұзғандығы туралы дерек ұсынған сенатор Андрей Лукин депутаттық сауалында вандализмнің жиілеп кеткені туралы мәселе қозғады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Тәртіп бұзушылар жасыл желектерді, ағаштарды жойған, аялдамаларды, лифттерді бұзған, басқа да инфрақұрылымдық және көшедегі сәндік нысандарды қиратқан.

«Бір кездері Маңғыстау облысындағы Ыбықты сай шатқалының қабырғасына есімін балға-қашаумен ойып жазған мәдениет саласы шенеунігінің әрекеті жұртшылық арасында дүмпу туғызған еді. Әрине, тәртіп бұзғандарға айыппұл салынуы да, қамауға алынуы да мүмкін. Заңнамалық түзетулер өткен жылдың басында қабылданды. Дегенмен, тәжірибе көрсетіп отырғандай, қолданыстағы шаралар жеткіліксіз болып отыр», деді Сенат депутаты.

Андрей Лукин Парламент депутаттары вандализм көріністері үшін жауапкершілікті одан әрі күшейту мәселесін пысықтап жатқанын, сондай-ақ Үкіметке онымен күресу тетіктерін ұсынғанын айтты.

«Вандализм үшін жауапкершілікті күшейтуді және заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын. Қазіргі уақытта вандализмге қарсы күрес негізінен құқықтық салада жазалау арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан халықаралық оң тәжірибені пайдалану мүмкіндігін қарастыру және вандализмнің алдын алуда креативті индустрия өкілдерінің қатысуын пысықтау маңызды. Олар өз өнімдері арқылы жаңа жағдайдың алдын алуға, халықтың, әсіресе жастардың мәдениетін көтеруге ықпал етеді, мұндай әрекеттердің заңсыздығын қолжетімді тәсілдермен түсіндіре алады», деді депутат.

 

вандализм Креативті индустрия өкіл тарту Андрей Лукин

Тақырыпқа жаңалықтар