Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары12 ақпан 2024, 17:08

Ұлытау облысында басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ұлытау облысындаың Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті», - делінген хабарламада.

Ұлытау облысы басқарма басшысы пара алды Жемқорлық

Тақырыпқа жаңалықтар