Placeholder
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Қазақстан жаңалықтары13 ақпан 2024, 15:00

Түркістан облысының кей аудандарында қауіпті аймақта үй салған

Су тасқынын алдыну алу мәселелері облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешев өткен айда таудағы жиналған қар қорының көлемі нормадан төмен екендігін жеткізді. Дегенмен, «Қазгидрометтің» РМК-ның ақпан айына жасалған болжамында облыстың барлық аймағында түсетін жауын-шашын көлемі нормадан жоғары болатындығы көрсетілген.

Бүгінде департамент мамандары өзендер мен су қоймаларға күнделікті мониторинг жүргізуде. Облыста 42 су қойма бар. Олардың толуы 40-45 пайызды құрайды. Ал «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде тасқын суды қабылдауға шамамен 2,8 млрд. текше метр көлемінде бос қор бар. Мамандардың айтуынша жағдай тұрақты, әрі қауіпсіз.

Сонымен қатар, облыс аумағында 149 өзен, 31 су қойма, 2 табиғи көл, барлығы 182 су нысаны бар. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде 34190 тұрғын үй орналасқан. Қазіргі таңда алаңдаушылық тудырып отырған үйлерді төтенше жағдайлар департаменті мен аудан әкімдіктері қатаң бақылауда ұстауы қажет. Лай көшкініне қарсы дайындықта бақылауға алынуы тиіс.

Түркістан облысы қауіпті аймақтар сел жүру тұрғын үй

Тақырыпқа жаңалықтар