Placeholder
Фото: Pyxabay.com
Қазақстан жаңалықтары9 мамыр 2024, 19:35

Түркістан облысында сәбидің өлі денесі табылды

Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды», - делінген ақпаратта.

Түркістан облысы шарана дене өлім

Тақырыпқа жаңалықтар