Placeholder
Фото: ҚазАқпарат
Қазақстан жаңалықтары31 қаңтар 2024, 13:00

Түркістан облысында екі әйел дүкеннен азық-түлік ұрлаған

Түркістан облысында дүкеннен азық-түлік ұрлаған әйелдердің әрекеті видеоға түсіп қалды. Қазір қос күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Оқиға Бәйдібек ауданында болды. Аудандық полиция бөліміне арызданған жеке кәсіпкер, дүкенінен белгісіз біреулердің азық-түлік ұрлап жүргенін жеткізген.

Аталған жағдайға қатысты тәртіп сақшылары, қажетті іздестіру шараларын жүргізді. Күдіктілердің әрекеті бейнебақылау камерасына арқылы әшкере болды.

«Ұрлыққа қатысы бар 43 пен 46 жас шамасындағы әйелдер анықталды. Алдын ала келісіп алған екеу тұтынушы кейпінде азық-түліктерді салып алып, білдірмей шығып кеткен. Қазіргі таңда қос әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бәйдібек ауданы Азық-түлік ұрлық Әйелдер

Тақырыпқа жаңалықтар