Placeholder
Фото: Видеодан кадр
Қазақстан жаңалықтары2 ақпан 2024, 21:10

Талғарда такси жүргізушісін балағаттаған ер адам іздестірілуде

Алматы облысының полицейлері такси жүргізушісімен дөрекі сөйлесіп, есігін тарс жауып, көлігін теуіп кеткен ер адамды іздеп жатыр. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Желі қолданушыларының айтуынша, такси жүргізушісіне ауыр сөздер айтқан — Талғар аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта такси жүргізушісімен жанжалдасқан адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

«Қазіргі уақытта Талғар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл фактіні хаттамамен тіркеді. Процессуалдық шешім қабылдау үшін оқиғаға қатысушылардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімдігі оның Талғар аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі екенін растады.

«Әлеуметтік желілерде Талғар қаласында такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал түсірілген видео таралуда. Кейбір ақпарат көздері жолаушы Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін айтады. Алайда Алматы облысының дін істері басқармасы оның имам емес екенін мәлімдеді. Аталған ер адам Талғар аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі екенін хабарлаймыз. Жалған ақпарат таратпауыңызды сұраймыз», – деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Талғар такси бағаттау Іздестіру

Тақырыпқа жаңалықтар