Placeholder
Фото: Ақорда
Қазақстан жаңалықтары12 ақпан 2024, 17:15

Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішінің тұғыры алынып тасталды

Талдықорған қаласының әкімдігі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын не себепті алып тастағандарын түсіндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Талдықорған қаласының орталық алаңында бұзылған ескерткіштің тұғыры қаланың сәулеттік келбетін қашырып тұрды. Осыған байланысты бөлшектеліп алынып, тасталды. Оны қалпына келтіру немесе оның орнына басқа да мәдени нысан салу жоспарда жоқ», - деп жауап берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ескерткіш 2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде қираған болатын.

Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналған ескерткіш 2016 жылы орнатылған еді.

Талдықорған Назарбаев Ескерткіш

Тақырыпқа жаңалықтар