Placeholder
Фото: Видеодан кадр/Шымкент қаласы ТЖД
Қазақстан жаңалықтары12 ақпан 2024, 17:10

Шымкентте өртеніп жатқан үйден 7 адам құтқарылды

Оқиға Қызылкенші көшесінде болды. Екі қабаттың үйдің ішіндегі жиһаздар мен техникалар өртке оранған, - деп хабарлайды Arbat.media.

. Өрт сөндірушілер жалын ішінен 7 адамды қауіпсіз аймаққа алып шықты. Олардың 5-еуі – бала.

«Зардап шеушілер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 3 техникасы мен 12 қызметкері және апаттар медициналық орталығы филиалының мамандары жұмылдырылды» - дейді Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Шымкент Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар