Placeholder
ото: Шымкент ДСД
Қазақстан жаңалықтары29 қаңтар 2024, 20:51

Шымкентте 20 жастағы келіншек үшем тапты

Шымкентте 20 жастағы жас келіншек үшем тапты. Бұл Шымкентте бір ай ішінде дүниеге келген екінші үшем, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Жиырма жастағы Шымкент қаласының тұрғыны алғашқы жүктілігінде бірден үш сәбиді өмірге әкелді.

Жас ананы 10 қаңтар күні қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері кесір тілігі арқылы босандырып алған. Сәбилердің салмағы 1925, 1625, 1900 грамм, бойы 43-47 см аралығында.

Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған. Ата-анасы үшемге ата-анасы Айлу, Саллахаддин, Аль–Сафи деген ерекше есім берген. Біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған нәрестелер бүгін перзентханадан үйіне шығарылды.

 

Шымкент үшем

Тақырыпқа жаңалықтар