Placeholder
ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Қазақстан жаңалықтары15 наурыз 2024, 9:00

Шығыс Қазақстанда тасжолдарды қызыл су басты

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше тасжолды қызыл су басты. ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аудандық маңызы бар Күршім-Ақсуат жолының 7-шақырымында және Күршім-Қалжыр жолының 19-шақырымында қызыл су жиналып, жолға шығып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Күршім-Ақсуат жолындағы көлік қозғалысы шектеліп, қызыл су басқан жол бөлігіне жаңа су өткізгіш құбыр тартылды. Содан кейін көлік қозғалысы қайта жанданды. Өткен жылдары дәл осы учаскелерде қызыл су жиналған жағдай болмаған», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта мәселе шешіліп, көліктер қатынауда.

ШҚО тасжол қызық су Тасқын

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар