Placeholder
Фото: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Батыс Қазақстан филиалы
Қазақстан жаңалықтары24 сәуір 2024, 8:00

Су тасқыны: 4 жолды су басып, 8 жолда қозғалыс шектелді

2024 жылғы 23 сәуір сағат 18:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің күрт жылынып, қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (СҚО, Қостанай) 4 автожолдың ұзындығы 4300 метр болатын бөлігін су басты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазавтожол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 765 бірлік техника мен 1922 адам жұмылдырылған.

Тасқын жолдар қозғалыс

Тақырыпқа жаңалықтар