Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары14 ақпан 2024, 13:32

Студенттер жатақханасы мәселесі қашан шешіледі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жоғары орындарын жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстарына түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Жатақханалар бойынша мәселе әлі де өзекті. Қазір орта мерзімге арналған шаралар жүктемені азайтады деген ойдамын. Жалпы, бұл бағытта ауқымды инфрақұрылымдық бағдарлама керек екенін түсініп отырмыз. Қазір 20 мыңнан астам орын тапшылығы бар. Былтыр 43 жатақхана пайдалануға берілді. Биыл 10 мың орынға есептелген жатақханалар тапсырылады», - деді С. Нұрбек.

Министр еліміздегі демографилық өсімді ескере отырып, жатақхана тапшылығы мәселесін шешу күрделі екенін айтты.

«Орын тапшылығын азайтуға болады. Біздің жоспарымыз аясында 2028 жылға дейін тапшылықты 7-10 мың деңгейіне түсірмекпіз. Астана мен Алматыдағы мәселені шешсек, басқа өңірлерде соншалықты тапшылық жоқ. Қазір Ақтөбе, Шымкент және Түркістанда сұраныс біртіндеп артып келеді. Бұл мәселені арнайы мемлекеттік-жекешелік серіктестіктік арқылы шешу ұсынысын жасадық. Жекеменшік секторды жатақханалар мен оқу ғимараттарын салуға тартамыз», - деді ведомство басшысы.

Саясат Нұрбек студенттер жатақхана Құрылыс

Тақырыпқа жаңалықтар