Placeholder
Фото: видеодан алынған скрин
Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2024, 12:33

СҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені суы екінші рет көтеріліп жатыр. Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 см-ге жоғарылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Есіл өзені Тоқсан би ауылының жанында 16 сәуір күні таңертеңнен бастап көтеріліп жатыр. Сондай-ақ Долматово елді мекенінің жанында да өзен деңгейі 20 см-ге биіктеген.

Мұндағы қауіпті деңгей 1450 см болса, қазір 1532-ге жеткен.

Петропавлда екінші күн өзгеріссіз. Ал мұндағы су қоймасында деңгей -5 см-ге түсті.

Су тасқынының екінші толқынының келуінен Сергеев су қоймасында деңгейі 3 см-ге жоғарылаған.

Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. Мәселен Бабықбұрлықта өткен тәулікте 126 см-ге, Ақанбұрлықта 120 см-ге түскен.

СҚО Тасқын екінші толқын

Тақырыпқа жаңалықтар