Placeholder
Фото: Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Қазақстан жаңалықтары22 сәуір 2024, 15:36

Сот Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонын тексеріп жатыр

Астанада экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот өтіп жатыр. Қазір ашық сот отырысында айыпталушының жеке ұялы телефонындағы аудио, фото, видео дәлелдерді зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қ.Бишімбаев соттың зерттеуі үшін ұялы телефонының паролін беруге келіседі», - деді Қ. Бишімбаевтың адвокаты Газан Ғазымжанов - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаев ұялы телефонының паролін бермей, тек қорғаушыларына сеніп тапсыратынын айтқан еді.

Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонынан 12 бейнежазба табылды.

Судьяның айтуынша, видеолар 8-нен 9-шы қарашаға қараған түні түсірілген. Бейнежазбалар мейрамхананың VIP-бөлмесінде, көшеде және Бишімбаевтың көлігінде түсірілген. Видеожазбада айыпты азаматтық некедегі Салтанат Нүкенованы бейәдеп сөздермен қорлағаны естіледі.

Өз кезегінде Қ.Бишімбаев мобильді телефонындағы видеолардың қайдан пайда болғанын білмейтінін және олардың монтаж екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін Қ.Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысына БАҚ өкілдерінің кіруіне қайта рұқсат берілді.

 

Бишімбаев ісі ұялы телефон Тексеру қорлау

Тақырыпқа жаңалықтар