Placeholder
ФОТО: DW
Қазақстан жаңалықтары17 наурыз 2024, 20:53

Шетелдік БАҚ: Алматыда 4 мыңға жуық ресейлік дауыс беруге кезекте тұрды

Алматыда 4 мыңға жуық ресейлік дауыс беруге кезекте тұрды. Бүгін Ресейде президент сайлауының үшінші күні. Қазақстанда сайлау учаскелері ашылған. Ресей азаматтары үшін дауыс беру Астанадағы елшіліктің консулдық округінде, Алматы, Орал және Өскемендегі Ресей Бас консулдығының консулдық округтерінде өткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы DW телеграм арнасы жариялады.

Алматыда Жандосов көшесіндегі консулдыққа түске қарай шамамен бір жарым мың адам келген. Сыртта ұзын-сонар кезек болды. Оларды сайлау учаскелеріне екі бағытта және әр есіктен кіргізді.

DW тілшісінің хабарлауынша, Ресей консулдығы ғимаратынан Манас пен Бұқар жырау көшелерінің қиылысына дейін 1,7 шақырымға созылған кезек болған.

"Сайлау учаскелерінде сияға бірдеңе бола ма деп қауіптеніп, өзінің қаламсабын алып сайлауға барғандар да аз емес", - деп жазады DW  Алматыдағы тілшісі. 

      ФОТО: DW

Алматы ресейліктер сайлау Кезек

Тақырыпқа жаңалықтар