Placeholder
Фото: ken-zhyloi.kz
Қазақстан жаңалықтары9 ақпан 2024, 11:00

Шетелдегі қазақ балалары Қазақстанда білім алады – Жанар Байсеміз

Шетелдегі қазақ балалары Қазақстанда білім алатынын Жанар Байсеміз инстаграм парақшасында жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Бұйыртса шетелдегі қазақ балалары Қазақстанға келеді! Қазақ тілін оқиды, қазақ мәдениетімен танысады, қазақтың тарихын біледі. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ресми хат дайындап жатыр. Университеттің атынан Гүлшара Асылбайқызы осы іске жанын салып, кірісіп жатыр. Хат дайын болған соң шет елдегі Қазақстан елшіліктеріне жолдаймыз. @sheteldegi_qazaq_balalary жобасының осылай жалғасып жатқанына бек ризамын!», деп жазды Жанар Байсеміз.

Оның хабарлауынша шетелдіктер асырап алған Қазақстан балаларының елде қиналмай жүруіне барлық жағдай жасалады. Олардың жол шығыны, визасы төленеді. Үш мезгіл тамақ, жатақхана тегін беріледі және стипендия алады. Ұзақ уақытқа келе алмайтындары үш ай, уақыты барлары тоғыз ай оқиды.

«Елге келіп, ана тілін үйренуге Талғат, Сардар, Әнел, Сұлтан құлшынып отыр. Сабина да келуі мүмкін. Әнел тоғыз айға келгісі келіп жатыр. Талғат, бүгін қашан келе аламыз деп сұрап жатыр», делінген аталған инстаграм парақшада.

 

Жанар Байсеміз Шетелдегі қазақ балалары Қазақстан білім алу

Тақырыпқа жаңалықтар