Placeholder
Фото: А.Байжұманов
Қазақстан жаңалықтары25 қаңтар 2024, 11:00

Сенаторлар еліміздегі демографиялық жағдайды зерделеді

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросында болып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін демографиялық өсудің маңызы талқылады, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады. 

«Бала туудың көбеюі мен өлім-жітімнің азаюы халық санының арта түсуіне – тұрақты демографиялық өсуге алып келеді, бұл ел экономикасының дамуына және халықтың әл-ауқатының жоғарылауына ықпал етеді. Біздің ойымызша, Үкімет қана емес, осы мәселеге тікелей қатысы бар еліміздегі барлық мемлекеттік орган, осы саланың әрбір маманы еліміздің қазіргі демографиялық жағдайдағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізуге міндетті», - деді Нұртөре Жүсіп. 

UNFPA-ның Халықты дамыту және гендерлік мәселелер жөніндегі ұлттық бағдарламасының Қазақстандағы елдік кеңсесінің өкілі Ғазиза Молдақұлова белсенді және салауатты ұзақ өмір сүру қазақстандық қоғам дамуының маңызды негізі болуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның демографиялық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени-тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, басқа мемлекеттердің тәжірибесін пайдаланудың маңыздылығы талқыланды.

Айта кетейік, Сенат комитеті бұл кездесуді «Демографиялық өсу – ұлттың бәсекелестік артықшылықтарының негізі» тақырыбына арналған Үкімет сағаты тақырыбында Үкіметтік сағатқа дайындық аясында ұйымдастырып отыр. 

Нұртөре Жүсіп демография

Тақырыпқа жаңалықтар