Placeholder
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Қазақстан жаңалықтары22 сәуір 2024, 15:47

Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың телефонындағы видеоны көріп жылап жіберді

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың телефонынан түсірілген бейнежазбаларды көріп отырып жылап жіберді. Бүгін сот сотталушының телефонының мазмұнын зерттеуге кірісті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бишімбаевтың телефонынан видеоны бірінші болып судья Айжан Құлбаева көрді. Қазір материалдар зардап шеккен тарапқа көрсетілді.

«Еске салайық, бұл видео  тек 9 қарашада түсірілген», - деді судья.Бейнежазбаларды қарап отырып, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді, сондай-ақ оның адвокаты Жанна Уразбахова эмоциясын тыя алмады.

Бұған дейін сот процесі кезінде Салтанаттың сіңлісіне жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.

Ал Қуандық Бишімбаев телефонынан түсірілген видеоны «монтаж» деп атады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін БАҚ өкілдері Бишімбаевтың сот залына қайтарылды.

Бүгін сотқа ресейлік журналист Ксения Собчак келді.

Сотта мамандар Бишімбаевтың телефонын аша алмағаны белгілі болды. Нәтижесінде оның өзі құпия сөзді беруге келісті.

Бишімбаев ісі Салтанаттың ағасы көз жасы ұялы телефон

Тақырыпқа жаңалықтар