Placeholder
ФОТО: Ашық дереккөзден
Қазақстан жаңалықтары4 сәуір 2024, 8:34

«Салтанат тепе-теңдік сақтай алмай, өзі еденге соғылды» - Бишімбаев

2024 жылдың 3 сәуірінде, Астана қаласында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталып жатқан Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысында Қуандық Бишімбаев 9 қараша күні Bau мейрамханасында болған оқиға туралы баяндады. Оның айтуынша, Бишімбаевтың Нүкеноваға қол көтеретін ойы да болмаған. Марқұм өзінен-өзі әжетханаға қамалып алып, өзін соғып, себепсіз айғай салған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Мен оны әжетханаға қамалып алып не істеп жатыр деп қорқып кеттім. Сондықтан есікті сыртынан қағып, аша алмаған соң есікті сындырып кіруге тура келді. Мен оны ұрып-соққан жоқпын, ол унитазға бетімен құлап, соққы алды. Содан кейін екінші рет тепе-теңдік сақтай алмай еденге тағы да қатты құлады», дейді Бишімбаев.

Айта кетейік, екінші күнге жалғасып жатқан айыпталушының түсініктемесінен бұл оқиға тек марқұм әйелін айыптап жатқанын түсінуге болады.

Айыпталушының сөзінше, 9 қарашада да марқұм Нүкенова түні бойы қайта-қайта өзі құлап қала берген.

Денесіндегі көгерген, сырылған, т.б. іздер сол құлағанның әсерінен пайда болыпты.

Бишімбаев ісі Бишімбаев соты мейрамханадағы оқиға Салтанат

Тақырыпқа жаңалықтар