Placeholder
Фото: Видеодан кадр
Қазақстан жаңалықтары8 мамыр 2024, 19:10

Қызылордада жастар арасында төбелес болды

Қызылорда қаласында болған жастардың жаппай төбелесі жайында полиция түсініктеме берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қызылорда облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.

«Полиция қызметкерлері жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қатысушылар жеткізіліп, тергеу жүргізілуде. Медициналық мекемеге жүгінгендер болған жоқ», - деп атап өтті департаменттен.

 

Қызылорда Жастар Төбелес

Тақырыпқа жаңалықтар