Placeholder
Фото: Қызылорда қалалық Полиция басқармасы
Қазақстан жаңалықтары13 ақпан 2024, 12:00

Қызылордада хабарсыз кеткен қария табылмай жатыр

Қызылорда қаласында 72 жастағы қария бір күннен бері хабарсыз кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қызылорда қаласында тұратын 72 жастағы қария Жидебаев Сәбитхан Әбішұлы 11 ақпанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,70 см, арық денелі. Киген киімі: көк түсті ақ сызықтары бар кеудеше, сұр түсті трико. Азамат жүйке аурумен ауруханасында есепте тұрады. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қаласы Полиция басқармасы таратқан хабарламада.

 

Қызылорда қария адам жоғалды Жидебаев Сәбитхан Әбішұлы

Тақырыпқа жаңалықтар