Placeholder
Vlast.kz
Қазақстан жаңалықтары23 қаңтар 2024, 12:13

Қытай мен Қырғызстан шекарасында бірнеше жер сілкінісі болды

23 қаңтар күні сағат 00:09-да Қытайдың Қырғызстан шекарасына жақын аумағында бірінші жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі Қырғызстанның Бішкек, Ыстықкөл, Нарын және Шу облыстарының тұрғындарына сезілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады. 

Қырғызстан сейсмология институтының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Қаракөлден оңтүстік-шығысқа қарай - 137 км, Каджысайдан оңтүстік-шығысқа қарай - 150 км, Нарыннан оңтүстік-шығысқа қарай - 275 км, Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай - 300 км жерде орналасқан.

Эпицентрдегі жерасты дүмпуінің қуаты 8 балға жетті.

Қырғызстан елді мекендері Құм-Торда — 5, Қаракөл, Нарын, Бішкек, Каджысай қалаларында — 3 балл болды.

Қырғыз ТЖМ алдын ала дерегінше, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қираған ғимарттар болған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда сағат 00:09–да Қырғызстанда жер сілкінісі болды.

Көптеген қала тұрғындары үйлерін тастап, сыртқа шықты.

Қытай Қырғызстан шекара Жер сілкінісі

Тақырыпқа жаңалықтар