Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары7 желтоқсан 2023, 10:12

Қылмыстық топ кәсіпкерлерден 10 млн теңге бопсалаған

Атырауда кәсіпкерлерден 2,6 млн теңге алу кезінде қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Күдіктілердің деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күдік 6 желтоқсанда ұсталды.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге бопсалаған қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Полицейлер жәбірленушілерден 2 млн 600 мың теңге алу үшін кездесу ұйымдастырған қылмыстық топтың 4 мүшесін ұстады. Деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған топ наурыз айынан бері жәбірленушілерді бопсалап, әрқайсысынан 5 млн теңгеге жуық қаржы иемденбек болған», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазір күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбады.

Атырау Қылмыстық топ кәсіпкер бопсалау

Тақырыпқа жаңалықтар