Placeholder
Фото: Ақмола облысының прокуратурасы
Қазақстан жаңалықтары5 ақпан 2024, 20:45

Құрылыс кодексі қайта әзірленуі мүмкін

Құрылыс кодексі қайда әзірленуі мүмкін. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексінің жобасына қатысты сарапшылық кездесу өткен болатын.

«Бұл кодекс енді түсті. Мүмкін ол 100 пайыз қайтадан әзірленуі мүмкін. Оны біз, депутаттар шешеміз. Сондықтан да бүгін кәсіби мамандардың пікірін тыңдағымыз келді. Мен құрылысшы емес, заңгермен. Сондықтан құжатта нені дұрыс жасамауымыз мүмкін екендігін түсінгім келеді», - деді ол.

Мәжіліс депутаты құрылысшыларға қатысты талапты қатаңдату мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

«Жауапкершілікке қатысты айтар болсам, қазіргі уақытта біз бизнес үшін жайлы жағдай жасау мүмкіндіктерін іске асырмақ емеспіз. Адамдардың да қауіпсіздігін ойлаған жөн», - деді Магеррам Магеррамов.

Магеррам Магеррамов Құрылыс кодексі қайта әзірлену

Тақырыпқа жаңалықтар