Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары24 қаңтар 2024, 10:00

Құлсары төбелес болып, бір жасөспірім мерт болды

Атырау облысындағы Құлсары қаласының жастары тағы да топталып төбелесті. Топтық төбелес кезінде жарақат алған бір жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, топтық төбелес 19 қаңтарда түнгі мезгілде болған.

«Жылыой ауданының орталығы — Құлсары қаласында түнгі сағат 03:05 шамасында топтық төбелестің болғаны анықталды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Құқық бұзушылыққа қатысы бар күдіктілердің бәрі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Топтық төбелестің салдарынан 3 адам түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Оның бірі — 2006 жылғы жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

«Полиция қызметкерлері топтық төбелеске байланысты 2000 және 2007 жылы туған күдіктілерді қамауға алды. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Е

Құлсары Төбелес Жасөспірім өлім

Тақырыпқа жаңалықтар