Placeholder
Фото: Kazinform
Қазақстан жаңалықтары25 қаңтар 2024, 9:00

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ 3 864 000 теңге айыппұл төледі

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс-Қазақстан өндіріс филиалына сұрау хат жолдаған, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі таратты

Хатта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шартында тауарлық газға ақы төлеу шарттарында баяндалған талаптарға қатысты өтінішті қарау мәселесі жазылған.

Аталған сұрау хатқа «ҚазТрансГазАймақ» АҚ «Шарттың талаптары ҚР барлық коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылары үшін бірыңғай» деп ақпарат берген.

Алайда Департамент филиалдың монополияға қарсы органына жалған ақпарат бергендігін анықтады. Өйткені кейбір шарттарда коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылармен жасалған шарттарды іріктеп, талдау кезінде талаптар басқа редакцияда жазылғаны, әртүрлі шарттар қолданылғаны белгілі болған.

Осыған байланысты Департамент «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қатысты монополияға қарсы органға жалған ақпарат беру фактісі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 5 520 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, салынған айыппұл сомасын 30% дейін, яғни 3 864 000 теңгеге азайтты.

Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді.

ҚазТрансГазАймақ Айыппұл жалған ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар