Placeholder
Фото: Кazgazeta.kz
Қазақстан жаңалықтары8 мамыр 2024, 12:12

Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болады

Туризм және спорт министрлігі мереке күндерінің тізіміне тағы бір айтулы датаны қосу туралы құжат дайындады. Тиісті құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Түсіндірме хатта атап өтілгендей, жаңа мереке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтай барысында берген тапсырмасына сәйкес белгіленеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жоба қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесін мерекелік күндер тізіміне енгізу мақсатында әзірленген», делінген қаулы жобасында.

Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Қазақстан Ұлттық кітап күні

Тақырыпқа жаңалықтар