Placeholder
Фото: Kazinform
Қазақстан жаңалықтары13 сәуір 2024, 11:00

Қазақстанда ер мен әйел арасындағы жалақы айырмашылығы көп елдерден жоғары

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ерлер мен әйелдер жалақысының ең төменгі айырмашылығы сақталатын 10 елді атады. Қазақстанның көрсеткіштері ЭЫДҰ елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осылайша 2022 жылдың қорытындысында ерлер мен әйелдердің ең төменгі жалақы айырмашылығы бойынша Норвегия, Бельгия және Коста-Рика көш бастап тұр.

10 елдің толық тізімі:

* Норвегия (айырмашылық 0,4%);* Бельгия (1,1%);* Коста-Рика (1,4%);* Колумбия (1,9%);* Ирландия (2%);* Хорватия (3,2%);* Италия (3,3%);* Норвегия (4,5%);* Дания (5,8%);* Португалия (6,1%).

ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш 11,6% құраған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысындағы айырмашылық 25,2% дейін жеткен.

Ерлердің орташа айлығы — 355 296 теңге, әйелдерде — 265 762 теңге болған.

Әсіресе, жалақының ең үлкен айырмашылығы Маңғыстау (50%), Атырау (46,2%) және Ұлытау (40,5%) облыстарында байқалады.

Барлық үш аймақта ер адамдар көбірек ақша табады.

Алайда, әйелдердің орташа жалақысы 3,1%-ға жоғары бір аймақ бар.

Бұл — Жетісу облысы.

Онда әйелдердің ай сайынғы жалақысы — 232 907 теңге, ерлерде — 225 983 теңге.

ер мен әйел жалақы айырмашылық

Тақырыпқа жаңалықтар